Үндістан бұрышының ашылуы
15 қарашада Үндістан бұрышының ашылу салтанаты өтті, бұл екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды оқиға болды.
Үндістан – Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі. Екі ел арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстар жылдан-жылға жандана түсуде.
Бұрыштың ашылуы Қазақстан мен Үндістанның арасындағы рухани байданысты және ынтымақтастықты нығайтады, мәдени қарым-қатынасты кеңейтуге жол ашады.
Ашылу салтанатына Үндістанның Қазақстандағы құрметті елшісі Доктор Нагендра Прасад, Свами Вивекананда орталығының директоры Санджай Веди, зиялы қауым, кітапхана оқырмандары қатысты.
Кеште Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның «Шернияз» би ансамблі «Кербез арулар» қазақ биін, Свами Вивекананда мәдени орталығының хореографы Видьягаури Хемант Адкар «Катхак» үнді биін орындады, Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының оқушылары Марден Әлинұр, Ардагелді Ақжан Абайдың өлеңдерін қазақ және ағылшын тілдерінде оқыды, Иса Байзақов атындағы облыстық филормонияның әншісі Серік Рысбек «Атамекен» әнін шырқады.
«Айна» галереясында Павлодарлық суретші Светлана Кравченконың «Үнді бояулары» атты сурет көрмесі және үнді халқының тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті туралы кітап көрмесі үйымдастырылды.