«Оқитын бала - оқитын ұлт»

20 қарашада өзара әріптестік іс-қимыл аясында С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Павлодар облысының білім басқармасы «Облыстық кітапханадағы мектеп кітапханашылары күні» – «Оқитын бала – оқитын ұлт «Форсайт – сессиясын» ұйымдастырды.

Форсайт-сессияның мақсаты - кітапхана саласындағы озық кітапхана тәжірибесі мен жаңа ақпараттық технологияларға сәйкес мектеп кітапханашыларының кәсіби білімдерін және дағдыларын жетілдіру.

Павлодар облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Самал Қадырова мен С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы Шолпан Шахметова құттықтау сөз сөйледі. «Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында Павлодар облысының бұқаралық көпшілік кітапханаларының қызметі туралы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың Кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы Айнагүл Жылқыбекова айтып берді. Ол мектеп және ауыл кітапханасының әріптестік өзара іс-қимылының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Дәл осы мектеп және көпшілік кітапхананың ынтымақтастығы арқасында жанұяда отбасылық оқуға, балаларды оқуға және оның жалпы дамуына үлкен ықпал етеді.

Мектеп кітапханашылары облыстық кітапхананың мамандарынан «Кітап көрмелерін ұйымдастыру әдістемесі», «Мектеп кітапханашысына көмек көрсету үшін онлайн-құралдар», «Кітапхана саласында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға ахуалдық көмек көрсету және өзара іс-қимыл этикасы», «Кітапхананы әлеуметтік желілерде ілгерілету. Кітапханалардағы нетворкинг. Ми шабуылы», Жаңа кітап - жаңа әлем», «Кітапханаға балаларды тарту құралы», «Жас оқырман мектебі» және басқа тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар, тренингтер, практикалық сабақтарға қатысты.