«Парасат жолы» - адалдық бастауы
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездеседі. Шараға халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Арман Қани, Қазақстанның Құрметті журналисі Ғалия Балтабай, Қазақстан Жазушылар одағының басшысы, Жарқынбек Амантайұлы және басқа да азаматтар қатысты. Сондай-ақ өңірдегі аудандар мен қалалардағы кітапхана мен басқа да мәдени ошақтардың басшылары кездесуді онлайн үлгіде тамашалады. Сәдібек Түгел «Парасат жолы» орталығында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, орталықтың алдағы жұмыс-жоспарына тоқталды. Отырыста мәртебелі мейманға сауалдар қойылып, ұсыныстар ортаға салынды.