«Парасат жолы» жұмысын бастады

2021 жылғы 12 ақпанда Павлодар облысы бойынша «Парасат жолы» Орталықтарын ашу бойынша онлайн-отырыс өтті.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Балғожин Ардақ Әнуарбекұлы, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Бегалинова Самал Балғабайқызы және жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Арман Қани, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ғалия Балтабай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қаламгер Сайлау Байбосын, ғалым, профессор Амантай Құдабаев, А.П.Чехов атындағы облыстық драма театрының басшысы Виктор Аввакумов, облыстық кітапханасының басшысы Шолпан Шахметова және басқа да қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын барысында облыс бойынша ашылған «Парасат жолы» орталықтарының жұмыс жоспарын құру мәселесі кеңінен талқыланады. Сонымен қатар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті және Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы арасында өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.