«Қазақстан – ортақ үйіміз» патриоттық акциясы
1 наурыз күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар үшін «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты патриоттық акциясын өткізді. Балалар мерекенің құрылу тарихымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық Достық үйінің қызметі туралы таныстырылды. Көрмеге «Менің елім Қазақстан», «Моя страна –Казахстан», «Қазақстан халқы», кітаптары қойылды. Балалар «Сөздерді тап» ойынына белсене қатысты. Қалым Еркежан, Бейсембай Махаббат, Жасқайрат Дария достыққа, татулық пен келісімге арналған әндерді шырқады. «Атшылар биін» «Халкъанбарт» шешен-ингуш бірлестігінің «Даймохк» ансамблінің мүшелері көрсетті.