П. Васильевтің 110-жылдығына арналған әдеби кеш
26 желтоқсан күні «Тұлға. Кітап. Уақыт» жобасы аясында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесіп «Павел Васильевтың өмірі мен поэзиясындағы Қазақстан» атты әдеби кеш өткізді.
Кездесу барысында шығармашылық жұртшылық өкілдері екі мәдениетті, екі руханилықты - еуропалық және азиялық поэзияны біріктірген ақын туралы әңгімеледі. Ақынның өлеңдерін №9 мектеп-гимназиясының оқушылары орындады. Павел Васильевтің мектеп мұражайының тарихы туралы Галина Байкенова айтып берді. Ақынның мерейтойлық іс-шаралары туралы Павел Васильев атындағы мұражай үйінің жетекшісі Закия Мерц және ақынның прозасын қазақ тіліне аудару туралы Серік Сатыбалдин тілге тиек етті. Сонымен бірге, мұражай қорының сақтаушысы Татьяна Корешкова ақынның қиын тағдыры мен оның қызы Наталья Павловна туралы әңгімемен ал Виктор Поликарпов, Иван Кандыбаев ақынның шығармашылығымен бөлісті. П. Васильевтің "Снегири" өлеңіне әуенді жазған атақты композитор А. Амосовтың әні Рафаэль Мұхамеджановтың орындауында кештің сәніне айналды.