Павлодар Наурызды мерекелеуде
22 наурызда қаланың орталығында ауқымды және әсем шара өтті - Павлодарда Наурыз мейрамы мерекеленді. Бұл іс-шараға облыстық кітапхана қызметкерлері де қатысты.
«Ұлы Жібек жолы» атты киіз үйде керуен жолдары арқылы тасымалданған тауарлар таныстырылған сауда қатары орналастырылды. Бейнелі жар салушылар ұсынылған өнімдермен танысуға шақырды. Стильдендірілген сөрелерде маталар, аң терісі, қыш – құмыра бұйымдары, зергерлік әшекейлер, хош иісті дәмдеуіштер, қытай косметикасы, ежелгі монеталар қойылды. Ұлы Жібек жолы және бойындағы ежелгі, ортағасырлық қалалар туралы кітаптар ұсынылған арнайы стеллаждар орнатылды. Экспозициядағы орталық орында Ұлы Жібек жолының тарихы мен маңызы, Шығыс пен Батыстың арасында тасымалданған тауарлар мен маршруттар картасы туралы ақпарат беретін инсталяция орналасты.