«Павлодар облысының жеті киелі жерлері» атты ақпараттық сағаты
17 қараша күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай №7 арнайы мектеп -интернатының оқушыларына «Павлодар облысының жеті киелі жерлері» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Іс –шараның мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу, туған жердің тарихына, археологиясына, этнографиясына қызығушылығын арттыру. Ақпараттық сағат барысында оқушылар Қоныр әулие үнгірі, Мәшһур Жүсіп кесенесі, Жасыбай батыр бейіті, Исабек ишан кешені, «Ақкелін» тарихи-мемориалдық кешені, Сұлтанбет Сұлтан ордасы мен Әулиекөл археологиялық кешені туралы қызықты деретерді біліп алды.