ПАВЛОДАРДА ГРИЗАЙЛЬ ТЕХНИКАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ!

6 қазан күні облыстық кітапхананың «Айна» галереясында «Немалевичи» акварель шеберханасының «Цветная река-2022. Гризайль» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Театр суретшісі, акварель суретшісі Светлана Кравченко жетекшілік ететін шеберхана 6 жылдан бері өнерсүйер қауымды қуантып келеді.

Шеберханада әр түрлі жастағы және түрлі мамандық иелері сурет салады. Яғни кәсіби суретшілер емес. Десе де оларды барлығын шығармашылық, сурет өнеріне деген қызығушылықтары біріктіреді. Студия тәрбиеленушілерінің кейбірі Үндістанда, Италияда, Бангладеш, Непалда өткен халықаралық көрмелерге қатысып үлгерген.

«Немалевичи» студиясының вернисажы «Айна» галереясына тұңғыш рет қойылды. Ал студияның бұл төртінші көрмесі. Көрме экспозициясында 17 автордың 40 жұмысы қойылған. Барлық жұмыстар «гризайль» техникасында акварельмен салынған.

Сондай-ақ, көрме залында қала әкімі Асаин Байханов, облыстық көркемсурет музейі басышысының орынбасары Ольга Пашко, белігілі суретшілер, авторлардың әріптестері, достары, студенттер, мектеп оқушылары келушілер қатарын толықтырды. Шара барысында көрме жетекшісі Светлана Кравченконың алғашқы ұстазы Галина Беспалова құттықтау сөз сөйледі.

Музыканттардың орындауындағы жанға жайлы әуендер мен композициялар көрме қонақтарына ерекше көйңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, көрме қазан айының соңына дейін жалғасады. Кіру тегін. Барлығыңызды күтеміз!