Үш буын суретшілерінің «Передавая свет» көрмесі
«PavlodART» бейнелеу өнерінің ІІ фестивалі аясында облыстық кітапхананың «Айна» галереясында үш буын суретшілері – педагогтар мен оқушылардың көрмесі ашылды. «Передавая свет» - мұғалімнен оқушыға тәжірибенің берілуін көрсетуге, ұрпақтар сабақтастығын көрсетуге арналған көрме. Үш суретші - Галина Беспалова, Ангела Бамбуляк және София Чумак павлодарлықтардың назарына кескіндеме, графика және академиялық сурет бағытында 40 жұмыс ұсынды. Сондай-ақ, көрме қонақтары Галина Беспалованың әйгілі «Батик» топтамасынан көйлектерді көре алды.
Көрме 31 мамырға дейін жалғасады.