«По следам Фирдоуси» атты дәріс
2022 жылы 30 наурызда «Павлодар облысының Ситораи Сомон Тәжік этномәдени орталығы» ҚБ-нің қатысуымен «Жеті жұрттың тілін біл» циклі аясында «По следам Фирдоуси» атты дәріс өтті.
Орталық төрағасы Гулов Хусейн Шомахмадович қызмет көрсету және көлік және коммуникация колледжінің студенттерін тәжік тілінің тарихы мен дамуымен, халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрімен, Шығыстың ұлы ақындары Фирдоуси, Омар Хайам, Румидің лирикасымен таныстырды.
«Наво» тобының орындауында «Ракс», «Бози», «Усул» әндері мен дәстүрлі тәжік ұлттық билері орындалды. «Мотивы восточной поэзии» атты әдебиеттерге шолу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды.