Поэзия вне времени

6 маусым күні ұлы орыс ақыны, драматург және прозашы, әдебиет сыншысы және теоретигі, тарихшы, публицист, журналист, редактор және "Современник" журналының баспагері Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 225 жылдығына орай «Поэзия вне времени» атты әдеби кеш өтті.
Классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы А.Пушкиннің әдеби шығармашылығы бізді өмір бойы жетелеп келеді. Оның шығармалары барлық жастағы адамдарды, діндерді, ұлттарды біріктіреді, әлемнің ондаған тілдеріне аударылған.
А.С.Пушкин қайтыс болғаннан бері қанша уақыт өтсе де, оқырмандардың оған деген сүйіспеншілігін әлі де жоғалтқан емес, ал оның өлеңдері әр бір жанға жақын. Александр Сергеевич небәрі 37 жыл өмір сүрді. Бірақ қысқа өмірінде ол 400-ден астам өлең, поэма, повесть, роман, ертегі жазып, орыс әдебиетіне зор үлес қосты.
Кеште павлодарлық ақындар А.Гаммер, Н.Борисовская, О.Захарова-Грибельная, Е.Вайберт, Ж.Садыков, Л.Асеева көрермендерге ақынның өлеңдерін оқып, ал музыкалық теоретик Л. Казакова Пушкин өлеңдерінің музыкасы туралы да айтты. Сондай-ақ, іс-шараға Павлодар қаласында Пушкин марафондарының бастамашысы Н.Колодина, Павел Васильев атындағы мұражай үйінің қор сақтаушысы. Т.Корешкова , №9 мектептің орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г.Байкенова, бард орындаушы А. Казаков, белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан "Алдар Көсе" театр тобының тәрбиеленушілері (жетекшісі Л.Проненко), Г.Рудищева, Біздің оқырман Ә.Марғулын атындағы педагогикалық университеттің студенті. Е. Ляхов Пушкиннің «Я вас любил...» романс орындады.Н. Млынцева Пушкиннің ертегілері бойынша викторина өткізді, кеш қонақтары барлығы қосылып «Евгений Онегиннен» үзінділер келтірді.
Поэзия сүйер қауымның назарына ақынның шығармашылығына арналған «И вновь читаем пушкинские строки» атты кітап көрмесі ұсынылды. «Пушкин и Абай. Созвучие звуков, чувств и мыслей», «Әдебиет әлемі», «Пушкин және Абай» кітаптарда екі рухани ортаны байланыстырған, екі ұлттың әдебиетін қалыптастыруға зор үлес қосқан поэзия майталмандарының шығармалары оқырмандардың назарын аударды.