«Пойми себя» атты тұлғалық өсу тренингі
15 қаңтар күні облыстық кітапханада дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 10 сынып оқушыларына арналған «Пойми себя» атты тұлғалық өсудің психологиялық тренингі өтті.
Дағдарыс орталығының психологы В.Ю.Шамсутдинова балаларға жасқаншақтық және сенімсіздіктен арылуға көмектесіп, топтық жұмысқа және көпшілік қауым алдында сөз сөйлеуге үйретті. Ол қатысушылардың әрқайсысына өз кілттерін таңдап беруге тырысты және іс жүзінде әр оқушының басым жақтарын анықтап, тұлғаның бірегейлігін және оның сынып үшін құндылығын ашты, ұжымдағы бірлік атмосферасын құрды. Тренинг топ қатысушыларының шығармашылық әлеуетін шыңдайтын ойынмен сүйемелденді. «Сам себе психолог» сериясы бойынша психологиялық әдебиеттерден «Искусство быть собой» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.