«Бегущая мишень» фильмінің көрсетілімі
12 желтоқсанда облыстық кітапхананың жастар шығармашылық орталығы химия-механикалық колледж жатақханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара ұйымдастырды. Колледждің шақыруымен алғаш рет іс-шара ерекше форматта өтті. Жатақханада тұратын студенттерге шағын кинозалда режиссер Талғат Теменовтың «Бегущая мишень» көркем фильмі көрсетілді. Кинодрама 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларды бейнелейді. Фильм студенттік толқулардан кейін билік өкілдерінен жасырынған жас студент Санжардың тағдыры туралы баяндайды.
Фильмді көрер алдында оқушыларға Алматыдағы қайғылы оқиғалардың себептері, осы оқиғалардың салдары, «Желтоқсан-86» Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызы және өз Отанының игілігі үшін өз өмірін қиған жазықсыз жастардың рөлі туралы айтылды.
Кинокартинаны бір жарым сағат көргеннен кейін студенттер арнайы шақырылған қонақ - тарихшы, PhD докторы, Торайғыров университетінің оқытушысы Аслан Дыбысбекұлы Әзербаевпен сюжетті талқылады. Ол біздің еліміз үшін қорқынышты, бірақ тағдырлы күндердің маңыздылығы туралы айтып, жастарымыз өз мемлекетінің тарихын білуі үшін мұндай форматтағы кездесулер жиі өткізілуі керек екенін атап өтті. Балалар көптеген пайдалы, мағыналы ақпарат алып, кездесу соңында ұйымдастырушыларға іс-шара үшін алғыстарын білдірді.