«Помня о прошлом» атты виртуалды кітап көрмесі
24 мамыр күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың әлеуметтік желілерінде халқымыздың тарихының қайғылы оқиғасы, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Өткенді еске алу/Помня о прошлом» атты виртуалды кітап көрмесі ұсынылды.
Көрермендер назарына сөрелерге сол сұрапыл, қорқынышты оқиғалар туралы естелік-кітаптар мен көркем шығармалар қойылды.
Көрменің ерекше бөлімін Алаш қозғалысының өкілдері-қазақ зиялыларының тағдырын бейнелейтін кітаптар, құжаттар мен материалдар жинақтары құрайды. «Алаш қозғалысы», «Алаш Арысы» және «Красный террор: из истории политических репрессий в Казахстане» басылымдарында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағат қорынан түпнұсқа құжаттық материалдар ұсынылған. Олар оқырмандарға саяси қуғын-сүргіннің абсурдтық, мағынасыз сипатын түсінуге мүмкіндік береді.
Тарих бүгін күн мен болашақ үшін одан сабақ алу мақсатында есте сақталуы керек.