Аналарға арнау

6 наурыз күні кітапханада 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шырағы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Аталмыш іс-шараны 5512 әскери бөлімінің сарбаздары өткізді. Шара барысында әсем ән мен жыр шумақтары орындалды. Сарбаздар асыл жанды аналарға, қырмызы қыздарға гүл шоқтарын сыйға тартты.