Поэзия кеші «Пою тебя, мой Казахстан»
16 қараша күні облыстық кітапханада Палодар Ертіс өңіріне танымал ақын, техника ғылымдарының кандидаты Константин Васильевич Луниннің «Пою тебя, мой Казахстан» атты поэзия кеші өтті. К. Луниннің әдеби-публицистикалық шығармашылығы Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде де қалың оқырманға белгілі.
Іс шараға Павлодар қаласының зиялы қауым өкілдері: Асыл Әбіш- ақын, журналист, «Найзатас» журналының бас редакторы, «Истоки» әдеби клубының мүшелері, П. Васильев атындағы әдебиқоғамның мүшелері, Л.Н. Бевз- жазушы-журналист және т.б.басқалар қатысты.
Іс шараның модераторы: ақын, журналист, «Найзатас» журналының бас хатшысы және К.Луниннің өлеңдерін қазақшаға аударған аудармашы- Оралхан Айбек. Ақынның шығармашылығымен танысуға М.Канапиянов атындағы жоғары колледж студенттері, оқырмандар келді және оның шығармашылығына арналған «Было время…» атты кітап көрмесі ұсынылды.