«Китай: синтез традиций и новейших технологий» танымдық сағаты
21 қарашада Әлем әдебиеті залында «Китай: синтез традиций и новейших технологий» танымдық сағаты өтті. Шараға Гуманитарлық-педагогикалық колледж және Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің студенттері белсене қатысты. Шапық Шокин атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Софья Малышева қытай тілінің грамматикасы бойынша шеберлік сабағын өткізіп, «Интересные факты про Китай» презентациясын көрсетті. Каллиграфия шеберлік сабағында студенттер иероглиф жазуды, қытай тілінде сәлемдесу мен қоштасуды үйреніп, Na Li - Mandarin Dreams әнін тыңдады.
Қонақтарға «Познаем Китай» бейнефильмі мен «Этот многогранный китайский язык» кітап көрмесі ұсынылды.