Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ-нің оқушыларына тәрбие сағаты өтті
Қарашаның 17-і С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері Рахимжанова Д.С., Рамазан Д.С. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі ЖОББМ- де тәрбие сағатын өткізді.
Негізгі мақсат оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, назарын кітапқа аударту, кітаптың адам өміріндегі орнын насихаттай отырып, тұрақты оқырманымыз болуға шақыру болды. Кітапхананың құрылу тарихымен таныстырып, қарымды қаламгер Сүлеймен Баязитов туралы ақпараттар айттылды және бейнеролик көрсетілді. Қараша айында жарияланған «Баязитов оқулары» аясында ұйымдастырылған байқау мен онлайн марафонға қатысуға ұсынылды.
Шараға 5,6 сынып оқушылары және сынып жетекшілері белсенді қатысты. Алдағы уақыттарда жас оқырмандармен бірге іс-шараларды өткізуді, серіктес болуды жоспарладық.
Танымдық сағат Назарова Тина «Күз» 3 «а» сыныбы, Кламбеков Алижан «Құлыным» 5 «в» сыныбы т.б оқушылар С.Баязитовтің өлеңдерін оқумен аяқталды.