«Абай мұрасы» танымдық сағат
10 тамыз күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері Абай күніне орай «Самал» оңалту орталығында «Абай мұрасы» атты танымдық сағатын өткізді.
Шара барысында кітапханашылар «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлы туралы слайдшоу көрсетіп, ақынның шығармашылық мұрасымен таныстырды. Сонымен қатар қатысушылар арасында «Абай әлемі» тақырыбында викторина өткізілді.