«Қазақстан - біздің ортақ үйіміз!» мерекелік кездесу кеші
2022 жылдың 1 наурызында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Павлодар облысының финно-угор этномәдени орталығы» ҚБ бірлесіп Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз!» атты мерекелік кездесу кеші өтті.
Іс-шараның міндеті: жастардың бойында сыйластық сезімін, бір – біріне құрмет пен достық сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту.
№8 лицей оқушылары мен қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне «Благодарю тебя мой Казахстан» бейнеролигі, қазақ, фин, венгр ұлттық билері көрсетілді, Қазақстан туралы әндер мен өлеңдер айтылды. Фин-угор халқының салт-дәстүрлерімен таныстырып, ойындар мен викториналар өткізді, «Широкая Масленица» атты құймақтардың дегустациясы жасалды.