ЖАҢАТАЛАП НҰРКЕНОВТІҢ «НЕ ПОКИДАЙ МЕНЯ, СТРОКА» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ
Бүгін күллі ғаламның кітапсүйер халқы мен осы сала қызметкерлері үшін мереке. Дәл осы дата 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні» болып белгіленген.
«Оқитын Павлодар» фестивалі аясында әдебиеттанушы, филолог Светлана Филипповна Нұркеновамен кездесу өтті. Ол Павлодарлық ақын Жаңаталап Нұркеновтың «Не покидай меня, строка» атты жаңа өлеңдер жинағын таныстырды.
Жаңаталап Нұркенов - павлодарлық ақын, журналист, КСРО Журналистер одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 1940 жылы 17 желтоқсанда дүниеге келген. Ол 12 жасынан бастап өлең жаза бастады.
Оның өлеңдері облыстық және республикалық газеттер мен журналдарда жарияланады, оның өлеңдеріне композиторлар әндер жазды, ақынның өлеңдері «Иртышанка», «Джигит седого Иртыша», «Детские стихи», «Прощальный взмах руки», сияқты жинақтарға, сондай-ақ «Радуга над Иртышом», «Павлодарские облака», «Литературный Павлодар» ұжымдық жинақтарына енгізілді. «Не покидай меня, строка» жинағында өлеңдер ғана емес, проза, бірнеше әңгімелер, лирикалық репортаждар да жарық көрді.
Аталған жинақ облыстың барлық орталық кітапхана жүйелеріне сыйға тартылды.