Балаларға арналған ғылыми-танымдық ертегінің тұсаукесері
30 қараша күні сағат 15.00-де облыстық кітапхананың конференц-залында Людмила Бевз пен Марал Таженованың «Досиктің дәуірлерге саяхаты: ежелгі Павлодар туралы ертегі» кітабының тұсаукесері өтті.
Алғаш рет Павлодардың палеонтологиясы мен археологиясы ертегі түрінде жазылды. Ежелгі Павлодар туралы ғылыми-танымдық ертегі кішкентай павлодарлықтар ертегі кейіпкері – білімқұмар Досикпен бірге тарихқа дейінгі Павлодарды зерттей алуы үшін балалар тілінде жазылған.
Кітап екі тілде, Айбек Оралханның аудармасында, жас суретші Лейла Андерсонның иллюстрацияларымен басылып шықты.
Жоба идеясының қалай басталғаны, неге осындай аудитория таңдалғаны, кітап қандай жолдан өткені туралы жоба авторы Марал Тәженова айтып берді. Ғылыми мәтінді ертегіге айналдыру қиын ба, автор ғылыми-танымдық ертегіні жазу кезінде қандай тәжірибе жинады, болашақта жалғасы бола ма – бұл сұрақтарға кітаптың бірлескен авторы Людмила Бевз жауап берді. Кітап туралы Павлодар география үйінің директоры А. Вервекин, Ертіс мұражайының басшысы Г. Алиева, Торайғыров университетінің тарих пәнінің оқытушысы, PhD докторы А.Азербаев, сондай-ақ осы кітаптің кішкентай оқырмандары өз пікірлерін білдірді. Оқушылар сарайының «Қаламгер» клубының қатысушылары кітап авторларына алғыстарын білдіріп, әдемі музыкалық нөмір сыйлады. Кітап шектеулі басылымда жарық көрді, бірақ кітап сатып алғысы келетіндер көп болды. Кеш қонақтары өңіріміздің балалар және мектеп кітапханалары үшін кітапты қайта басып шығару қажеттігімен келісті.