«Көңілдің толқын кездері» кітаптың тұсаукесері

5 желтоқсан күні Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Құрмет орденінің иегері,  белгілі  қаламгер Ғалымбек Жұматовтың «Көңілдің толқын кездері» атты кітабының тұсаукесері  өтті. Бұл кітап жазушының «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы  бойынша жарық көрген алғашқы жаңа кітабы.

Кітапқа  автордың драма, комедия, шағын әңгімелері енген. Драма шығармалары еліміздің азаттығы үшін күрескен Алаш азаматтары басынан кешкен оқиғалары, 16 жасынан қазақтың байтақ даласының азаттығы үшін, еркіндігі үшін күрес туын желбіреткен Алаш қозғалысы қайраткерлерінің қатарынан табылуға ұмтылып, жалындаған жастық шағында қуғын-сүргіннің құрбаны болған алаш азаматының өмірінен прототивтік негізде пайдаланылған. Көпшілік қауым үшін де берері мол кітап болары сөзсіз.

Атаулы шараға облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Тауасқан Медет Алпысбайұлы, Жыршы-Әсенов Даниал Сабырұлы,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қаламгер, аудармашы - Айбек Оралхан, қоғам белсендісі - Совет Әмірханұлы, зиялы қауым өкілдері, сарбаздар, студенттер оқырмандар қатысты.

Өңіріміздегі 5512 әскери бөлімінің сарбаздары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды және  ақын Ғалымбек Жұматовтың сөзіне жазылған жерлес композитор Назымбек Дүкенбайдың «Сарыарқа бесігі» әнін сарбаз Ерасыл Әсетұлы шырқады.