«Не уставайте никогда любить...» кітабының тұсаукесері

Бүгін облыстық кітапханада белгілі ақын, Қазақстан Респуликасының «Бірлік» медалінің иегері Константин Васильевич Луниннің «Не уставайте никогда любить...» кітабының тұсаукесері өтті. Аталған жинақ биыл ақынның 80 жылдығы қарсыңында жарық көрді. Кітапқа автордың махаббат, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, адам тағдырлары туралы өлеңдер енді.

Жаңа туындының тұсаукесеріне аймағымызыдың ақын-жазушылары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, кітап сүйер және зилы қауым өкілдері қатысты. Атап айтсақ, облыс әкімінің орынбасары Д. Жанбайбектің атынан құттықтау хатты Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары  Самал Елжасқызы Саменова табыс етті. Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы И.Теренченконың атынан облыстық мәслихат депутаты, облыстық қоғамдық кеңесі мүшесі, меценат, «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері Асылбек Туғанбай табыстады. Сондай-ақ іс-шараға Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мұшелері қатысты.

Сонымен қатар шара барсында кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда Константин Луниннің бұған дейін жарық көрген тұйындылары ұсынылды.