Юрий Поминовтың «Просто жизнь» кітабының тұсаукесері
21 ақпанда кітапханада Юрий Поминовтың «Просто жизнь» кітабының тұсаукесері болып өтті. Юрий Поминов Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Павлодар облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері. Көп жылдан бері «Просто жизнь» кітабымен жұмыс істеп келеді. Кітабында ол әлемде, елде, аймақта болып жатқан оқиғалар туралы ой жүгіртеді, тағдыры жақындастырған адамдар туралы естеліктерімен бөліседі. Бұл жолы оқырмандарға жазушының оныншы кітабы ұсынылды. Тұсаукесер қонақтары: кітаптың кейіпкерлері - ПМПУ профессоры Р. Жаева, тарихшы-мұрағатшы В. Болтина, архимандрит Иосиф, Славян мәдени орталығының басшысы Т. Кузина және т.б. «Поречье» фольклорлық студиясы мен «Славянки» ансамблі музыкалық сәлемдеме жолдады.
Іс-шараға кітапхана оқырмандары, Павлодар жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.