«За Под Лицо в Аут - родом из Будущего» атты кітаптың тұсаукесері

18 мамырда кітапханада Маргарита Михайлованың «За Под Лицо в Аут - родом из Будущего» кітабының тұсаукесері болып өтті. Вюцбург қаласынан (Германия) келген кәсіби тәжірибелі психолог Маргарита Михайлова кітабында күнделікті өмірде, туыстарымен және ата-аналарымен қарым-қатынасты жақсарту әдістемелері берілген. Оның әрбір жаттығулары адамдардың өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Автор оқырмандарын психологиялық жарақаттан арылу жолдарына шақырады. Психологпен жұмыс істеген жылдар ішінде жақсы нәтижелерге қол жеткізген қатысушылардың оқиғалары өткір және шынайы сипатталған.

Қатысушылардың әрқайсысы психологиялық тәжірибеден жаңа нәрсені үйреніп қана қоймай, оны жеке өміріне де қолдана алады.