«Жанарымда тұнған сыр» атты кітабының тұсаукесері
26 қараша күні кітапханада ақын, журналист, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар қаласының және Тереңкөл ауданының Құрметті азаматы Шолпан Байғалының «Жанарымда тұнған сыр» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Кітапқа жиырмасыншы ғасырда және жаңа ғасырдың басында кітап болып шыққан жинақтардағы таңдамалы өлеңдер енгізілген.
Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының басшысы, жазушы, ғалым филолог Серік Елікбай, Облыстық мәслихаттың депутаты, ұлт жанашыры, «Қазақ тілі» қоғамының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Асылбек Туғанбай, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Май ауданының Құрметті азаматы, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Рашит Бектеміров және Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, жергілікті зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен өлкетанушылар, мұғалімдер мен студенттер қатысты.
Іс-шара барысында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті Жұматай Фариза және М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж студенті Жәнібек Есенкелді ақынның өлеңдерін оқыды.