«Эко-Әлем» жобасының тұсаукесері
Соңғы жылдары экология мәселелері біздің қоғамда маңызды орын алуда. Экологиялық негіздерді білу және оларды іс жүзінде қолдана алу әр адамның өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы керек – бұл біздің планетамыздың биосферасының экологиялық тепе-теңдігіне ғана емес, сонымен бірге біздің қоғамға да үйлесімділік әкелуі мүмкін.
28 мамырда «Облыстық кітапханадағы ОКЖ күні» жобасы аясында халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, материалдық құндылықтарды сақтау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша Тереңкөл ауданы ОКЖ «ЭкоӘлем» жобасының тұсаукесері өтті.
Оқырмандар мен қонақтарға «Табиғатты қорғау-баға жетпес сый» кітап көрмесі, жергілікті әуесқой фотографтардың жұмыстарына арналған «Тереңкөл пейзажының жарығы мен жылуы» атты арт-көрме, эко-тауарлар мен қызметтер көрмесінде қатысушылар мен қонақтарға Тереңкөл ауданының кәсіпкерлерінің экологиялық таза өнімдері ұсынылды.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Шолпан Байғалы жерлестерін құттықтап, Теренкөл, оның бай табиғаты жайлы сөз қозғады. Торайғыров университетінің биология және экология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Александр Убаськин Теренкөл аудан кітапханасына 2 кітап сыйлады.
«Жерге бақ сыйла» қоғамдық қорының төрағасы Юрий Гашек экодәріс оқып, емен тұқымын отырғызудың шеберлік сыныбын өткізді. Тәжірибелі әуесқой гүл өсіруші Ольга Дугинаның «Гүлді жұмақ: гүлденген бақшаға арналған практикалық кеңестер» шеберлік сыныбы үлкен қызығушылық тудырды.
Тереңкөл ауданы мәдениет үйінің «Наз-қоңыр» фольклорлық ансамблі ұжымының жетекшісі Қайыр Нұрғалиев «Тереңкөлім» әнін орындады.
Іс-шараға Павлодар облысының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының мамандары, оқушылар, студенттер, облыс кітапханашылары, оқырмандар мен кітапхана қонақтары қатысты.