«Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең» жобасының тұсаукесері
Жас ұрпақты тәрбиелеу кез-келген мәдени қоғам үшін басты міндет болып табылады. Мемлекеттік пен қоғам үшін мақсатқа ұмтылған және саналы өскелең ұрпақты тәрбиелеу үлкен жауапкершілік.
Павлодар облысының кітапханалары «Қағандық» ҚБ-мен бірлесіп, мақсаты өскелең ұрпақты адамгершілік-патриоттық және рухани тәрбиелеу болып табылатын «Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең» жобасын іске асыруды бастады.
25 тамызда жабаның тұсаукесері болды. Бұл шараға Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы міндетін атқарушы Медет Алпысбайұлы, «Ұлағат» ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі, облыстың кітапхана мамандары қатысты. Е.Жаңғазы жобамен таныстырып, оны іске асыру бойынша жұмыс жоспарын ұсынды.