«КІТАП ЖӘНЕ САХНА» ЖОБАСЫ «ОРАЛХАН БӨКЕЙ – КӨРКЕМ СӨЗДІҢ КҰЛАГЕРІ» КІТАП КӨРМЕСІ
16 ақпан күні Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Кербұғы» спектаклі басталар алдында «Кітап және сахна» жобасы аясында «Оралхан Бөкей – көркем сөздің кұлагері» атты кітап көрмесі қойылды.
О.Бөкеев прозасы жақсылық пен зұлымдықты, күш пен батылдықты, шынайы және ойдан шығарылған рухани құндылықтарды ойлауға бағытталған. Оның шығармалары жастар тәрбиесінде үлкен рөл атқарады
Кітап көрмесінде әртістер мен көрермендердің назарына Оралхан Бөкеевтің қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы 100-ге жуық әдебиеттер ұсынылды. Оның ішінде: 7 томдық шығармалар жинағы; «Кербұғы», «Найзағайдың ізі», «Қар қызы» және т.б әр жылдары жарық көрген шығармалары. О.Бөкеевтің әңгімелері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
О.Бөкеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиетке қатысты анықтамалықтардан, «Аңыз адам», «Парасат», «Үркер» және т.б. журналдардағы мақалалардан оқып, танысуға болады.