«Кітап және сахна» жобасы. «Ән падишасы – Шәмші Қалдаяқов» кітап көрмесі
28 мамырда Ж. Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық - драма театрында «Кітап және сахна» жобасы аясында «Ән падишасы - Шәмші Қалдақов» атты кітап көрмесі ашылды.
Шәмші Қалдаяқов - қазақ композиторы, Қазақстанның халық әртісі, «Қазақ вальсінің королі». 1956 жылы «Менің Қазақстаным» әнін жазды, ол кейіннен Қазақстанның қазіргі заманғы әнұранына айналды.
Оның көптеген әндері танымал: «Қуаныш вальсі», «Қайдасың», «Бақыт құшағында». Вальс мотивтері мен далалық ән-жырлары үйлесімі тыңдаушыларға ұнады. Композитордың әндерін 50-ші жылдардың шебері Ришат Абдуллиннан бастап қазіргі жастарға дейінгі Қазақстанның барлық әншілері орындады.
Көрермендер мен актерлердің назарына композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы 60-тан астам басылым ұсынылды, олардың ішінде: Әкімқұлов Е. «Шәмші Қалдаяқов - ән патшасы», «Шәмшінің әндері» және т.б. Сондай-ақ, «Жұлдыз», «Мәдениет», «Таң-Шолпан», «Жалын» және т.б. журналдардан мақалалар қойылды.