«Менің мамандығым – автослесарь» атты кәсіби бағдар беру сағатты
4 мамыр күні облыстық кітапханада техникалық сервис колледжінің оқытушысы Д.Н.Кобжасаровпен және №7 мектептің 9 сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Балалар бақыланатын еңбек нарығындағы жұмыс орындарына сұраныс пен ұсыныс, ең көп сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар және халықты жұмыспен қамту орталығында мәлімделген жалақының орташа деңгейі туралы ақпарат алды. Жүргізілген сауалнама оқушыларға кәсіби таңдау саласын, белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу қабілеті мен ықыласын анықтауға мүмкіндік берді. Іс - шара соңында жасөспірімдерге олардың шынайы қызығушылығын тудырған «Слесарь - автомеханик» деректі фильмі көрсетілді.