«Махаббатты ғашықтықтан қалай ажыратуға болады?» психологиялық тренинг
13 сәуір күні облыстық кітапханада 15 сәуір - «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күніне орай «Махаббатты ғашықтықтан қалай ажыратуға болады?» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Бұл мереке 2011 жылдан бастап аталып келеді. Іс шара модераторы Орынгүл Оразалықызы Жаминова Торайғыров университетінің педагог-психологі тренингке қатысқан жастарға қызықты және танымды ақпарат берді.