«История колониального периода Казахстана в архивах ближнего и дальнего зарубежья» атты көпшілік дәріс
17 қазанда облыстық кітапханада «История колониального периода Казахстана в архивах ближнего и дальнего зарубежья» атты көпшілік дәріс өтті. Лектор - ПМПУ оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Гүлфира Елубайқызы Өтепова «Законодательные источники Российской империи по истории Казахстана» тақырыбы бойынша докторлық дисертациясын қорғады, көп жылдан бері іздеу-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Ол 2000-нан аса тарихи құжаттарды тауып, зерттеген, ең көне құжат 1714 жылғы. Гүлфира Елубайқызы Қазақстан, Ресей және Бельгияның көптеген қалаларындағы кітапханалар мен архивтерде сақталынған алғашқы заңнамалық актілер жайында айтты.
Г.Е. Өтепова – көптеген кітаптардың авторы, бір кітабы ағылшын тіліне аударылды. Автордың еңбектерімен облыстық кітапхананың оқу залында танысуға болады. Дәрісті Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің оқушылары және кітапхана оқырмандары тыңдады.