«Раз писать, два писать - и горшок удачи» кітабының тұсаукесері
11 маусым күні облыстық кітапханада Маргарита Михайлованың «Раз писать, два писать - и горшок удачи» кітабының тұсаукесері өтті. Кітапты Мәскеудегі «Стеклограф» баспасы шығарды.
Маргарита Михайлова - Павлодар қаласының тумасы. Қазіргі уақытта Вюцбург қаласында (Германия) тұрады.
Маргарита Михайлова - кәсіби психолог - практик, өмірдегі өзгерістерді жүргізудің бірегей әдістемесінің авторы. Кеңес беру барысында ол нақты қатысушылардың әңгімелері бар фотокітаптарды жасайды, онда адамдар мен оқиғалар оның қызметінің нәтижелерін растайды.
Кітапта сөздердің көмегімен өзіңізге қалай көмектесуге, ақыл-ой мен денсаулықты қалпына келтіруге, ішкі әлеуетіңізді оятуға және өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге болатындығы туралы айтылады.
Іс-шараға автордың тренингтік сабақтарынан өткен оқушылары, Павлодар қаласының монтаждау колледжінің студенттері қатысты.