Теріс діни ағымдар. Несімен қауіпті
28 қыркүйек күні облыстық кітапханада жоғары Басқару колледжі мен жоғары Инновациялық көпсалалы колледж студенттері үшін «Теріс діни ағымдар. Несімен қауіпті» тақырыбында құқықтық дәріс өтті. Аталған дәрісті Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының (ОАӨО) мамандары – ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Зайда Өмірбекқызы Асанбаева және психолог Самал Ибнияқызы Касимова әңгіме форматында жүргізді.
Дәріс барысында студенттер діни ағымдардың түрлерімен, оларға тән белгілермен танысты, сондай-ақ мамандар ҚР заңнамасымен тыйым салынған діни бірлестіктерге кіруден қалай қорғану керектігі туралы кеңестер берді.
Жастардың құқықтық санасын тәрбиелеу мақсатында «Деструктивті діни ағымдар және интернет кеңістігі», «Интернеттен білім алу дұрыс па?, «Мы все одной крови. Путешествие по следам ДНК» тақырыбында әлеуметтік бейне роликтер көрсетілді.