Республика күні құтты болсын!
Құрметті қазақстандықтар! Қадірлі отандастар! Егемен еліміздің Ұлттық мерекесі – Республика күні құтты болсын!
Қазақ мемлекеттігінің тарихында өлшеусіз орын алатын оқиға – «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация дәл осы күні, 1990 жылдың 25 қазанында қабылданды. Ежелден еркіндікке ұмтылған ата-бабаларымыздың, азаттық таңын аңсаған Алаш арыстарының аманаты орындалған айшықты күн.
Егемен еліміздің аспаны ашық, болашағы жарқын болсын!