«Кітап сыры» ретро оқу залы
21 сәуірде біздің кітапханада «Кітап сыры» ретро оқу залы ашылды. Кітапхана оқырмандары өткен ғасырдың ортасына дейінгі жарық көрген сирек кітаптармен танысты. Кітаптар мен мерзімді басылымдардың сарғайған беттерін парақтап, оқып, тарихи суреттерге көз жүгіртті.
Оқырмандарға 1945 жылы Мәскеуде басылып шыққан көрнекті қазақ жазушысы М.Әуезовтің «Абай» романының бірегей басылымы, А.Никольская мен Т.Нұртазиннің қазақ тілінен аудармасы, Л.Соболевтің редакциясымен басылған «Абай жолы» романының орыс тіліндегі алғашқы даналарының бірі ұсынылды. Сонымен қатар, тарих, экономика, географияға байланысты кітаптар: «Қазақ КСР тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін»: 2Т (1949 ж.), «Қазақ КСР» (1938), Абай, С.Мұқанов, Қ. Аманжолов және т. б. қазақ және кеңес әдебиетінің классиктерінің шығармаларымен танысты.
Экспозиция өткен дәуірдегі телефон, кинопроектор, ойнатқыш және т. б. заттармен безендірілді, бұл заттар керемет әсер қалдырды.
Ретро оқу залының алғашқы оқырмандары - Павлодар жоғары Басқару колледжінің студенттері.
Баршаларыңызды ретро оқу залына шақырамыз.