«Ризамын саған, туған ел» атты жедел ақпарат

4 наурызда облыстық кітапхананың халықаралық кітап секторында алғыс айту күніне арналған «Ризамын саған, туған ел» атты жедел ақпарат өтті.

Іс – шараға Павлодар басқару колледжінің студенттері қатысты. Келушілерге ризашылық күнінің тарихы, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы баяндалды. Қатысушыларға кітапхана қорынан алынған әдебиеттер бойынша шолу ұсынылып, кітапхана бөлімдерімен таныстыру экскурсиясы өткізілді.