Рухани Қазына – 2021
Нұр-Сұлтан қаласында мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған IV республикалық «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалі өтуде.
Кітапхана ісі бойынша қазылар алқасының отырысы 12-14 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханада өтіп жатыр. Əділ қазалардың отырысы Министрліктің әлеуметтік желідегі парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бүгінде байқауға еліміздің 15 өңірінен кітапхана, музей және мәдени-демалыс қызметі бойынша 300-ден астам өтініш келіп түсті. Мəселен, алғаш рет ұйымдастырғанда қатысушы саны 100-ге жуықтаған еді. Жыл өткен сайын ауыл, аудан, қаладағы мəдениет ошақтарының қызметін жандандыруға бағытталған байқау кеңінен танылып келеді.
Бұл байқаудың мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, өңірдегі мәдениет ұйымдарының имиджін арттыру.
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы «Үздік мемлекеттік кітапхана сайты», «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту бойынша үздік инновациялық жоба», «Кітап оқу мен кітапты жылжыту жөніндегі үздік медиа жоба», «Поэзия жанрындағы үздік балалар кітабы» номинациялары бойынша бағын сынап көруде. Баршаңызды фестивальді тамашалап, бізге қолдау көрсетуге шақырамыз.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана фестиваль ұйымдастырушыларына алғыс білдіреді.