Салауатты өмір салтының ережелері
28 қараша күні облыстық кітапханада гуманитарлық педагогикалық колледж студенттеріне арналған «СӨС ережелері» тақырыбында «Айтолқын» клубының сабағы өтті. Іс-шара «СӨС қолдау» орталығының дәрігер-психологы Байғожина Кенжегүл Жанатқызымен бірлесіп өткізілді.
Сабақ ойын және психологиялық тренинг түрінде өтті. Студенттер өзекті мәселелерді белсене талқылап, өз шешімдері мен пікірлерін ортаға салды. Оқушылар кітап көрмесіне шолуды, өз денсаулығына күту бойынша көптеген кәдеге жарар кеңестерді тыңдап өтті және де СӨС туралы кітапшалар алды.