«Сатиралық өлең шебері»
22 мамыр күні Ақсу қалалық кітапхансында қазақ әдебиетінің даму тарихында аса бағалы мұра қалдырған жерлесіміз, көрнекті ақын, әрі жазушы, сатирик Сабит Дөнентаевтың 130 жылдығына арналған «Сатиралық өлең шебері» атты сатира кеші өтті.
Павлодар –Ертіс өңірінен шыққан айрықша тұлғаланған талант иесі, сықақ, әзіл-қалжың, мысал жанрының дамуына айтарлықтай үлес қосқан - Сәбит Дөнентаев біздің мақтанышымыз. Ол өзінің дарын қуатын әр жанрға қалам тартып ұштады. Қай жанрда жазса да, бар игі мақсаты - халқына адал қызмет ету еді. Аз ғұмырын халқының тағдырын жырлауға арнады. Сондықтан, Сәбит Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің майталманы болып қалады.
Шараға зиялы қауым өкілдері, Торайғыров университетінің профессоры, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының төрағасы, жазушы, ақын - Елікбай С.Т., жазушы, сатирик, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі – Ғ.Жұматов, ақын-сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының басшысы А.Хонж, аталмыш шараға Ақсу қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы, Арынов З.А., Ақсу қаласының Құрметті азаматы Шаяхметов Қ.Қ., «Қазақ тілі» қоғамының басқарма алқа мүшесі Кондыкерова С.К.
Сатиралық кешке Жау Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледж студенттері мен белсенді оқырмандар қатысты.