Сақау Мәукеұлы – өлкетану сабағы

16 қаңтар күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада айтыскер ақын Сақау Мәукеұлының 225 жылдығына арналған өлкетану сабағы өтті. XIX ғасырдағы қазақ ақындық өнерінің өкілі С. Мәукеұлы 1798 жылы қазіргі Баянауыл ауданы Майөзек ауылында дүниеге келген. Жас шағында музыкаға әуес болып өлең шығарған, айтыстарға қатысып өзінің тапқырлығымен танылған. Өлеңдері негізінен белгілі билер Шоң мен Торайғырға арнау үлгісінде жазылған.

Ақынның бізге жеткен 9 өлең, бес айтысы бар. Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Сақау мен Тоғжан», «Жанақ пен Сақау» айтыстарын қағазға түсірген және осы айтыстарға түсініктеме беріп отырған. Сақаудың айтыстары өткірлігімен, шынайылығымен бағалы.

Өлкетану сабағына қатысқан Павлодар облыстық №3 дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы метеп- гимназия оқушылары ақын Сақау Мәукеұлының айтыстарын оқып танысты.