ЖЕТІ ҚАЗЫНА – ЖЕТІ БАЙЛЫҚ
Бүгін облыстық кітапхананың «Ұлттық күн» жобасы аясында «Қазақ ұлттық жеті қазына» күні аталып өтті. Шара С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Жеті қазына» атты интеллектуалды ойын түрінде өтті. Оған Павлодар қаласының №35 ЖОББМ жазғы демалысының оқушылары қатысты. Белсенділік танытқан оқушылар сыйлықтармен марапатталды. Айлин есімді бүлдіршіннің "Ана" атты әсем әніне бәрі бірге қосыла ән айтып шарамызды қортындыладық.
Жеті қазына – жеті байлық, жеті ырыс. Ол ертеректе ата-бабамыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты қалыптасқан дүние. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында.