СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ
3 қазан күні облыстық кітапханаға ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері жене отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары Е.И. Тарасенко, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-ның директорлар Кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері жене отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Б.С. Туткушев келіп кітапхана жұмысымен танысты.
Кітапхана қонақтары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жанашыр» орталығының қызметімен танысып, кітапхананың еңсесі биік, кең оқу залдарын көріп шықты, артынша ҚР Президентінің бағдарламалық мақаласының негізігі бағыттарын айшықтайтын «Рухани жаңғыру» көрмесін аралап шықты.