«Шабыттың сәттері» фотокөрмесі
7 қарашада облыстық кітапханада «Шабыттың сәттері» атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеге Ақсу қаласынан 10 автордың елуге жуық фотосуреттері қойылды. Фотосуреттерде өңір сұлулығы туралы және жастар өмірінің жарқын сәттері баяндалған. Барлық жұмыстар қызықты бөлшектер, ашық түстер және камераның стандартты емес бұрыштары арқылы ерекшеленеді.
Авторлар – әртүрлі саладағы және қызығушылықтары да әртүрлі жастар. Соның ішінде, дыбыс операторы, жеке кәсіпкер, студенттер, қала газетінің фототілшісі, ЖБДО мамандары, бала күтіміне байланысты демалыстағы жас аналар бар. Көрме жастар жылына және фотографияның пайда болуына 180 жыл толуына арналған. Жас мамандарға Павлодарлық фотоөнердің шеберлері Борис Краснянский, Николай Мохирев, Владимир Высоцкий, Владимир Бугаев жақсы тілектерін білдірді.
Көрменің ашылуында Жаяу Мұса атындағы колледждің «Жастар даусы» вокалдық ансамблі және Аиша Амренованың шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.