«ШАХМАТ – ҒАЖАЙЫП ОЙЫН»

20 шілдеде бүкіл әлемде халықаралық шахмат күні аталып өтіледі. Дәл осы күні 1924 жылы Парижде Сегізінші жазғы Олимпиада ойындары кезінде Халықаралық шахмат федерациясы құрылды. 

Шахмат адамды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді. Ойлау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Бұл әрі спорт, әрі ойын. Шахмат әлемнің 107 елінде спорт түрі ретінде танылған. Әсіресе, Қазақстанда шахмат халықты өзіне тартуда. 

Аға буын өкілдері бұл ойынды ерекше жақсы көреді. Облыстық кітапханада күн сайын, ауа-райына қарамастан, демалыс күндері шахматқа құмар жандарға толы болуы кездейсоқ емес.

Олардың қатары көбейіп келеді, арасында жас ұрпақты да байқауға болады. Шахмат ойнауды үйренген адам ешқашан зерігудің не екендігін білмейді деп бекер айтылмаған.

Осы күнге орай облыстық кітапханада "Шахмат - ғажайып ойын" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда шахматтың тарихы,танымал ұлы шахматшылар туралы 40 -тан аса кітаптар, қызықты фактілер мен ережелері жазылған кітаптар, этюдтар мен дебюттар бар кітаптар қойылған.