Ауылдық кітапханадағы тігін коворкингі

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Павлодар облысында «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 15 шағын грант жүзеге асырылуда. Жобалар әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған. «Тігін коворкингі» Павлодар ауданының Новочерноярка ауылдық кітапханасында пайда болды. Бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған нәзік жандарға көмек көрсетуге, оларды әрі қарай жұмысқа орналастыруға және өзін-өзі жұмыспен қамтуға, ауыл жастарын кәсіптік бағдарлауға бағытталған бірегей жоба.

11 маусымда С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Павлодар ауданы ОКЖ күні шеңберінде «Табысты жобалар шеруі. Тігін коворкингі» жобасының тұсаукесері болды.

Шағын қаржыландыруға (500000) Новочерноярка ауылының кітапханашысы халықтың осал топтарына арналған тігін шеберлігін, пішу және тігу негіздерін оқыту курстарын ұйымдастырды. Оқудың барлық кезеңінде жұмыс орны, тігін машинасы және барлық қажетті жабдықтар ұсынылады.

Грантқа қалай өтінім беру керектігі, «Павлодар облысының азаматтық альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері мен «Шью Сама» жобасының қатысушылары қандай идеяларды жүзеге асыруға болатындығы туралы айтып берді.

Павлодар ауданының кітапханашылары «Кітапхана - жобалар шеберханасы» фотокөрмесін, жобаға қатысушылардың тігін бұйымдарының көрмесін, тоқылған ойыншықтардың көрмесін, пішу және тігу бойынша шеберлік сыныбын ұйымдастырды.

Шараға облыс кітапханашылары, облыстық кітапхананың оқырмандары қатысты.