«Сирек кездесетін қор» жобасының жаңа шығарылымы

Жаңа жобаның кезекті шығарылымы еліміздің көрнекті, суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен оның «Ленинградцы, дети мои» өлеңінің 80 жылдығына арналып отыр. Жамбыл ақын өз шығармаларын қазақ тілінде жазған, бірақ бұл өлеңі бізге Марк Тарковскийдің аудармасынан белгілі. 1941 жылы Ленинград қоршауда қалды, қоршауға алынғандарға «Ленинградцы, дети мои, ленинградцы, гордость моя...» - деп бірінші болып демеу берген қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаев болды. Ол кезде Жамбылдың жасы ғасырлық межеге жақындаған еді. Алайда оған қарамастан, ақын-данагөй ел басына түскен жағдайды бар жан-тәнімен түсініп, өмірдің барлық қырларын басынан өткерді.

1941 жылы майданға Жамбылдың ұлы Алғадай аттанды. Қарт ақын үшін репродуктордың қара тәрелкесі қымбат затқа айналды. Күн сайын сол жерден жағымсыз жаңалықтар лек-легімен келіп жатты. Бірде Юрий Левитанның дауысынан - Ленинградтың қоршауға алынғаны туралы ерекше қайғылы нота естілді. Осы кезде Жамбыл үшін шексіз қазақ даласы қаһарлы үнмен дүр сілкінгендей болды... Ақынның жүрегінен азап пен аяушылыққа толы жыр төгілді. Оның домбыраны қолына алып, жүрегінен шығарған сөздері әлемге тарады. Жамбыл жүз жылға жуық өмірінің барлық күш-сарпына сүйене отырып, аяушылықпен әндетті.

Адам жанын толғандыратын «Ленинградцы, дети мои, ленинградцы, гордость моя...» өлеңі алғаш рет «Ленинградская правда» газетінде жарияланды. Кейінірек, ленинградтықтардың өтініші бойынша ол бөлек парақшамен басылып, Ленинград көшелеріне жабыстырылды. Блокаданың барлық 872 күнінде олар қала тұрғындары мен оның қорғаушыларын жігерлендірді.